Мемқызметкерлер табысы туралы есеп беруі керек пе?

Мемқызметкерлер табысы туралы есеп беруі керек пе?

Қаржы министрлігі "жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер табысы туралы ашық есеп беруі керек пе" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ-да өткен брифингте журналист "шенеуніктер кірістерін ашық жариялауы керек пе" деген сұрақ қойды.

 
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов барлық мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары 2022 жылға және 2023 жылдың басынан есеп береді деп жауап берді.

"Иә, бұрын кірістері туралы декларацияны жариялауы керек болатын. Бұл: саяси және "А" корпусының қызметкерлері, депутаттар және т.б. Бірақ бұл заң 2025 жылдың қаңтарына дейін тоқтатылды. Әзірге осы бағыттағы сұрақтар ашық. Бірақ ешқандай өзгеріс енгізілмесе, онда бұл мемлекеттік қызметкерлердің бірқатары 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларациясын көпшілікке жариялауы керек", - деді Жаналинов.
Былтыр Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар декларацияны қате толтыру салдарынан салық берешегінің пайда болғанын хабарлады.

2023 жылы декларациясының бірінші кезеңін талдау мемлекеттік қызметкерлер ақшаны негізінен Сингапурда сақтайтынын және олар Ресейден жылжымайтын мүлік сатып алуды ұнататынын көрсетті. Сингапурда қазақстандық шенеуніктер 950 миллион теңгені сақтаған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста