Мәскеуде славяндар мешіт салынуына қарсылық білдіріп жатыр (видео)
Ресей астанасында діни тұрғыда жанжал туып кетті: жергілікті православ тұрғындар қалада үлкен мұсылман мешітінің салынуына қарсы шықты. Бұл туралы ресейлік пабликтер деректеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Мәскеуде православтардың 60 000 адамдық жаңа мешіт салынуына қарсылығы басталды, бұл қадыровшы содырлардың зор ашу-ызасын туғызды», – делінген хабарламада.
Мәскеудің Косино-Ухтом ауданындағы Әулие көлдің жанында мешіт құрылысының жүруіне жаппай қарсылық білдірген адамдар көшеге шықты. Олар «православтық орындарды қорлатқылары келмейтіндерін» мәлімдеді.
Наразылық қозғалысына елдің түкпір-түкпірінен жұрттың топырлап келіп жатқаны байқалады. «Біз – орыстармыз, Құдай бізбен бірге!» деп айқайлады қайта-қайта хорға қосылғандар.
Бұған сонау Украина жерінде РФ армиясы сапында соғысып жатқан кадыровшы шешен содырлары бірден реакция жасап, өздерінің ашу-ызаларын видеоүндеумен жеткізді. Ол сюжет әлеуметтік желілерде, соның ішінде уацап арқылы тарап жатыр.
«Бұлай болса, біз енді сендермен соғысамыз. Бізге қазір кіммен соғыссақ та бәрібір», – деді шешендер.
Мәскеудегі оқиғаға қатысты Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров та өз ойын жеткізіп, ашу-ызаға берілді. Ол бір елдің ішінде бір мүдде үшін жүрген халықтар мен түрлі дін өкілдері арасына от тастап отырған мәскеуліктерді қатты айыптады. «Дон-дон» орыстарды не бірден мобилизациямен әскерге алынуға, не сот арқылы жаза алуға тиісті қорқақтар деп атады.
Мұндай наразылықты Шешенстан мен Дағыстан тұрғындары да көрсетіп жатыр.
Украин журналисі Дмитрий Гордон Мәскеудің мұсылмандар өте көп тұратын қала екеніне назар аудара келіп, олардың тағы бір мешіт салдыруға толық құқықтары бар екенін, бірақ бұған фашист орыстардың іштарлық пен өзімшілдіктен қарсы шығып жатқандарын атап өтті.