Маңғыстауда солтүстікке көшкен отбасының әр мүшесіне 240 мың төленеді

Маңғыстауда солтүстікке көшкен отбасының әр мүшесіне 240 мың төленеді

Маңғыстауда жұмыссыз жүрген жандарға арналған өзге аймаққа көшіру бағдарламасы түсіндірілді деп хабарлады  turkystan.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында жұмыссыз жүрген жандар ерікті қоныс аудару бағдарламасымен көшіп, материалдық көмек ала алады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов хабарлады.

Бағдарлама жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында жұмыс күші жетіспейтін облыстарға ерікті түрде қоныс аудару үшін қарастырылған. Сондай-ақ, спикер 2023 жылы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес облыстарды атап өтті.

– 2023 жылға қандастармен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына сәйкес Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары белгіленді. Бағдарламаға қатысушыларға, яғни, отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (241 500 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі. Мысалы, егер отбасында 6 адам болса, барлығына 1,5 млн теңге беріледі. Бұл қаржы баспанаға берілетін қаражаттан бөлек болмақ, – деді Әсет Шопанов.

Осы бағдарламамен 2022 жылы барлығы 45 отбасы, яғни 205 адам қоныс аударған. Қазір олардың барлығы да жұмыспен қамтылды. Бұл екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға үлкен мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Түрікменстаннан келген 20 отбасы (95 қандас) дәл осындай мүмкіндікпен солтүстікке қоныс аударған. Солардың бірі – Мэлс Рымбаев. Ол ерікті түрде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Восход ауылына 2022 жылы қоныс аударған. Мемлекет әр отбасы мүшесіне 214 410 теңге қаржылай көмек көрсеткен.

«Менің төрт балам бар. Барлығы мектепке орналастырылды. Жергілікті әкімдік киім, тамақ мәселелерімен көмек көрсетті. Баспанамыз бар. Өте жылы. Қазірде газ электр дәнекерлеуші болып қызмет етемін. Айтар алғысым шексіз», –  дейді Мэлс Рымбаев.

Айта кетейік, қалалық жерлерге қоныс аударған бір адам үшін 20 АЕК (60 000 теңге), отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК (86 250 теңге), ал отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде төленеді.

Ал, ауылдық жерлерге қоныс аударған бір адам үшін 15 АЕК(51 750 теңге) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК (62 100 теңге) мөлшерінде, ал отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК (72 450 теңге) төленеді. Ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста