Маңғыстауда мектеп мұғалімі 1-сынып оқушысын шапалақпен ұрып жіберген

Маңғыстауда мектеп мұғалімі 1-сынып оқушысын шапалақпен ұрып жіберген

Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназия  мұғалімі үзіліс кезінде жүгіргені үшін бірінші сынып оқушысын шапалақпен ұрды, деп хабарлайды Lada.kz.

 
Мұғалімнің оқушыны ұрған сәті бейнекамераға түсіп қалған. Бейнежазбадан әйел адамның дәлізде жүгірген қыздың бетінен екі рет ұрғанын анық көруге болады.

Оқушының анасы оқиғаның 11 сәуір күні болғанын айтады. 3 мамырда мектеп директоры мен облыстағы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінен ата-ананың жазған арызына жауап келген.

«Параллель сыныптың мұғалімі қызды ұрмады. Тек жүгіріп бара жатқанда құлап қалмас үшін оны ұстап қалған»,
- деген гимназия директоры өз жауабында.

Облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаменті 12 сәуірде мұғалімнің қатаң сөгіс алғанын мәлімдеді. Ал 14 сәуір күні ол жұмыстан босатылған көрінеді. Алайда департамент жауабында мұғалімнің қандай бап бойынша қызметінен кеткені туралы көрсетілмеген.

Қыздың анасының сөзіне сенсек, осыған байланысты оқытушымен мектеп басшысы және өзге де мұғалімдер сөйлескен. Әңгіме барысында ол сол күні көңіл күйі болмағанын айтты. Алайда, әйел адам жәбірленуші тараптан кешірім сұрамаған.

Оқушының анасы 12, 13 сәуір күні мұғалімнің жұмысқа шыққанын айтады. 14 сәуірде ол өз еркімен жұмыстан кетті.

«Демек мектеп директоры мұғалімдердің мұндай әрекетін жасырады екен. Оның қай бап бойынша жұмыстан кеткені белгісіз болғандықтан, ол бір жылдан кейін бұрынғы орнына келіп, жұмысын жалғастыра алады. Мен оған жол бермеймін», - дейді ата-ана.

Оқушының анасы оны ұстаздық ету құқығынан айырып, бұдан былай сабақ беруіне тыйым салу керектігін айтты.

azattyq-ruhy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста