Күріш бағасының күрт өсуі: қызылордалық өндірушілер тергеліп жатыр
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Елімізде өткен жылы күріш 36%-ға қымбаттаған. Бағаның өсуі биыл да тоқтаған жоқ, жыл басынан бері өнім құны тағы 5,2%-ға көтерілді.
Күріш өңдеуші өндірушілердің айтуынша, өсім шикізат бағасының өсуімен байланысты (шала-тазартылмаған күріш), өңдеуден кейінгі өзіндік құны мен ең төменгі жалақының өсуіне әкелген. Осы нарықта күрішті өңдеп-өндіруші нарықтағы 20-дан астам субъекті жүзеге асырады. Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер судың аздығы (ҰСБ деректеріне сәйкес 10% - ға), тыңайтқыштарға, қосалқы бөлшектерге, ЖЖМ және т. б. бағалардың қымбаттауы себебінен күріштің егіс алқаптары қысқарғаны туралы айтуда.
“Агенттік күрішті сатудың тауар нарығына талдау жүргізіп, шикізат бағасының ең жоғары өсімі 2022 жылғы мамырда (16%) тіркелгенін анықтады, ал 2022 жылғы қыркүйекте 19%-ға төмендеген. Сонымен қатар күріш өңдеуші-өндірушілердің қойған бағаның өсуі орта есеппен 25%-ды құрады.
Бағаны бір мезгілде ұстап тұру белгілері анықталған соң қызылордалық өндірушілерге қатысты 6 хаттама толтырылып, тергеу басталды. Ал Солтүстік Қазақстан облысының күрішті көтерме сатушысы агенттік талабынан кейін бағаны 5% - ға төмендетті”, – делінген хабарламада.