Кеңес кезін сағынған ақсақал Досаевтан көшенің атын ауыстыруды сұрады
Зейнеткер Алматы әкімінен көшенің орысша атауын қайтарып беруді сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жетісу ауданындағы «Дорожник» көшесінің атауы «Көкмайыс» деп өзгерген. Ақсақал өз сөзінде Кеңес Одағын еске алды.
Өтінемін, «Дорожник» атауын қайтарыңыз! Көкмайыс емес, Гончаров атындағы Дорожоник, - деді зейнеткер.
Әкім Ерболат Досаев бұл идеяны құптамайтынын айтты.
Ұсынысыңыз қабылданды. Шапалақ соққан кейбір адамдардың Кеңес Одағын қатты сағынышпен еске алатынын түсіндім. Ақсақал айтқан ұсыныстың ұнайтынын байқадым. Бірақ мен бұл ұсыныспен келіспеймін. Жақсы ма әлде жаман ба білмеймін, бір-бірімізді сыйлайық. Кімдердің белсенді қол соғып қолдағанын байқадым, - деп жауап берді Досаев.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу