Келесі оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен емес, 20 тамыздан басталады

Келесі оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен емес, 20 тамыздан басталады

Қазнетте келесі оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен емес, 20 тамыздан басталатыны туралы ақпарат тарады. Бұл олай емес. Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекеттік мектептерде демалыс, сондай-ақ оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері өзгермейді. Каникул кезеңі өзгеріссіз қалады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, ал каникул кезеңі азаймайды.

 

 

Қазақстандық оқушылар 175 күн оқиды. Каникулдар мен демалыс күндерінің жалпы ұзақтығы 190 күнді құрайды (кібісе жылды қоспағанда). Талқыланып жатқан құжаттың жобасы қамқоршылық кеңестердің келісімімен халықаралық және пилоттық мектептерге оқу жылының жалпы мерзімдерін реттеуге құқық береді.

 

 

Бұған дейін аталған мектептердің өкілдері оқу мерзімі мен каникул кезеңін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруді қолдаған болатын. Бұл ретте халықаралық және пилоттық мектептер (олардың саны өте аз) белгіленген оқу және каникул күндерімен (175 оқу және 190 демалыс күндері) шектеледі. Яғни, каникулды қысқарту туралы мәселе қаралып жатқан жоқ. Мемлекеттік мектептер үшін оқу және каникул мерзімдері бекітілген нормалар шеңберінде әрекет ететінін атап өткен жөн.

 

 

Биылғы оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады, содан кейін каникул басталады», – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста