Ғылым қоры TCP диалогтық алаңын ұйымдастырды

Ғылым қоры TCP диалогтық алаңын ұйымдастырды

Ғылым қоры «Коммерцияландыру реакторы» қарсаңында «АӨК саласындағы ҒҒТҚН коммерцияландыру мәселелері» тақырыбында TCP диалогтық алаңын ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясымен және «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.

ҚР ҰҒА вице-президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры А.Қ.Күрішбаев құттықтау сөз сөйледі.

Диалог алаңының жұмысына Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдары, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлары, егіншілік және өсімдік шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин, малшаруашылығы және жемшөп өндірісі, жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, агробизнес, шаруа және фермер қожалықтарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жоғары технологиялық өнімдерді ілгерілету болашағы мен технологияларды коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін талқылады. Өсімдік шаруашылығы, малшаруашылығы, ветеринария, ауылшаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу, ауылшаруашылығы процестерін автоматтандыру салаларындағы технологияларды коммерцияландыру және т.б. мәселелер талқыланды.

Өз тарапынан Ғылым қоры ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру тетіктері, сондай-ақ ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Ғылым Қорының Басқарма төрағасы Әбділда Шаменов атап өткендей, «мұндай TCP алаңдарын өткізу дәстүрге айналды.

Іс-шара аясында ҚазҰАЗУ жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.  Олардың қатарында келесілер қамтылады: ағаш алу үшін қара және грек жаңғағы плантацияларын, қой жүнінің қалдықтарынан тыңайтқыштарды, бағалы және аса құнды балық түрлеріне арналған құрама жемді қолға алу, биологиялық белсенді шай өндіру үшін жабайы шырғанақ өңдеудің инновациялық технологиясын енгізу, көшеттер мен көкөніс тұқымдарын перфорацияланған тесіктерге отырғыза отырып, топырақты полиэтилен үлдірмен жабындау үшін аралас агрегатты пайдалану.

Кездесудің соңында АӨК саласындағы ынтымақтастық және болашақтағы ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру талқыланды. Қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.

turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста