Ежелгі Қытай кестесімен баланың жынысын жоспарлауға болады

Ежелгі Қытай кестесімен баланың жынысын жоспарлауға болады

Әлеуметтік желілерде ата-аналар ұл немесе қыз тууды жоспарлай алатыны туралы хабарландырудың суреті тарады. Ежелгі Қытай кестесімен баланың жынысын анықтауға болады екен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Кестеде көлденең бағанда әйелдің жасы – 18-ден 45 жасқа дейін, ал тігінен 12 ай жазылған. Қалған ұяшықтарда әйелдің жасына және жүкті болу айына байланысты баланың жынысы (М немесе Д) көрсетілген.

 

 


Сонымен қатар хабарландыруда кестенің тексерілгені және 0,1% дәлсіздікпен нақты көрсететіні айтылған. Ол Ежелгі Қытай ғалымдары зерттеулерінің негізінде жасалған.

 

 


Бұл кестеге сенудің қажеті жоқ. Басқа халықтық әдістері сияқты бұл да болашақ баланың жынысын нақты жоспарлауға жол бермейді. Мысалы, жастықтың астына ойыншық көлік немесе айна салу, белгілі бір тағамдарды тұтыну, ұл немесе қыз туу үшін ай кезеңдерін бақылау.

 

 


Сондай-ақ бұл кестенің дұрыс екеніне нақты ғылыми дәлелдер жоқ. Фейкте айтылған Ежелгі Қытай ғалымдарының зерттеулері де белгісіз.

 

 


Интернетте түрлі дереккөзден бұл кестенің бірнеше нұсқасы табылды. Олардың әрқайсысының астында бұл Ежелгі Қытай кестесі және ол дәл айтады деп жазылған. Біз үш кестені де қарап шықтық: біреуі фейктегі, екіншісі орыс тілді және үшіншісі ағылшын тілді дереккөзден алынған кесте. Үшеуінде де 18-ден 45 жасқа дейінгі 28 жолдың ішінде үшеуі ғана бірдей болып шықты – 18, 21 және 22. Басқа ұяшықтарда әртүрлі мәндер жазылған. Демек, көрсетілген сандарға сенбеу керек.

 

 

Яғни, Ежелгі Қытай кестесі дұрыс емес. Бұл баланың жынысын жоспарлаудың тағы бір псевдоғылыми, халықтық әдісі, ол ешқандай кепілдік бермейді. Ата-аналар үшін жалғыз кепілдік – бұл әйелдің жасына және жүкті болу айына қарамастан ұл мен қыз туу ықтималдығы 50% тең.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста