Елімізде әуе көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалының ережесі өзгерді

Елімізде әуе көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалының ережесі өзгерді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы бұйрығы аясында жолаушыларды, жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидасына өзгерістер енгізілді. Осы орайда құжаттың 107-тармағы жаңа редакцияда жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер жүк осы Қағидалардың 101 және 104-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келмесе, әуе компаниясы оны тасымалдауға қабылдаудан бас тартады», - делінген құжатта.

Сонымен қатар құжатта жүкті алатын адам әуе компаниясынан ұшақ межелі пунктке келген, жүкті түсірген және оны өңдеген сәттен бастап жүк пен жүк құжатын беруді талап ететіні нақтыланған. Жүкті тапсыру әуе кемесі келген сәттен бастап 2 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

Бұдан бөлек, құжаттың 135-тармағында әуежай әкімшілігі әуе көлігі арқылы жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау тәртібін әуежайдың ресми интернет-ресурсында орналастыратыны айтылған.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған мерзімнен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста