Депутат Қазақстандағы мұнайшылардың кезекті ереуілінің себебін айтты
Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мұнайшылардың ереуіліне қатысты пікірін айтты. Оның ойынша, жұмыссыздықты шешу үшін мұнай өндіруші және мұнайға қатысты қызмет көрсететін компаниялар арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау қажет.
Азат Перуашев бұл мәселені жүйелі проблемаға теңеді. Оның айтуынша, бұл сервистік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынастың әділетсіздігі мен бұлыңғырлығында.
"Жұмысшыларды басқа жерге жұмысқа орналастыруды ұсынғанда олар әлеуметтік пакет, тұрақты жалақы, демалыс және тағы басқа жағдай жоқ екенін айтып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан олар тек Қазақстан компаниясына жұмысқа тұрғысы келеді", - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, жұмысшылар ертең жұмыс болатынына сенімді емес.
"Негізі біздегі жыл сайын басталып, аяқталатын тендерлер - пара алуға, манипуляция жасауға мүмкіндік. Мұндай келісімшарттар ұзақ мерзімді болуы керек. Кем дегенде бес жылға", - деп түйіндеді сөзін Азат Перуашев.
Бұған дейін ол шетелдіктермен мұнай-газ кен орындары бойынша келісімшарттарды ашық көрсетуді талап еткен.