Депутат бас прокурорға жүгініп, бірқатар атышулы есімді атады

Депутат Ермұрат Бапи бас прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады. Мәжілісмен бірқатар атышулы есімдерді атай отырып, клептократия мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісменнің айтуынша, көптен күткен "халық қазынасынан ұрланған мүлікті қайтару" туралы заң жобасы Парламенттің төменгі палатасының қарауына жіберілді. Бапидің ойынша, депутаттар елдегі әділеттілікті қалпына келтірудің құралы болатын сапалы заң жобасын қабылдауы керек.

"30 жыл бойы талан-таражға салынған халық байлығын елге қайтаруымыз керек. Ол кемінде 1510 миллиард доллар. Ал оны қайтаруға міндетті органдар заң қабылданған соң іске кірісеміз деп арқаны кеңге салуға болмайды", - деді депутат"

Бапидің айтуынша, тәркіленген активтер әртүрлі схема арқылы әлемнің әртүрлі бөлігінде жасырылған. Депутат олардың кейбірі туралы бас прокурорға айтып берді.

"Бас прокурор мырза, сіз Қазақстанның газын сыртқа сататын Tethys компаниясын білесіз бе? Tethys иелерінің бірі Қайрат Шәріпбаевтың қызы. Ал ашық ақпараттың айтуы бойынша, Шәріпбаев - Дариға Назарбаеваның күйеуі. Осы Tethys фирмасы Қайрат Шәріпбаев басқарған мемлекеттік монополист "КазТрансГаз" ұлттық компаниясының газын сатып келген. Қазір журналист зерттеушілер соңғы сегіз жылда бұл фирма Қайрат Шәріпбаевтың бақылауындағы IPL CONSTRUCTION компаниясы арқылы батыс банктеріне бірнеше миллиард доллар шығарғаны анықталды. Кейбір ашық ақпараттарда мұның мөлшері 20 миллиард доллар деп жүр. Егер бұл қоғамдық тергеу ісіне елдің Бас прокуратурасы мен тиісті антикоррупциялық агенттер араласатын болса бұл миллардтардың көлемі мен шыққан төркінін тезірек анықтауға болатын еді. Ол миллиардтар бүгінде байлықтың ғана көзі емес, бұл билікке қайтадан араласудың мәселесі. Бұл қыруар қаржыға шынында да 20 мың терроршы жалдауға болады", - деді Бапи.


Сонымен қатар, Бапи қадағалау органының басшысынан "Транстелеком" компаниясының "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясынан Нұрәлі Әлиевке берілуіне баға беруді сұрады.

"Баланстық құны 210 миллиард теңге, ал жылдық кірісі 80-90 миллиард теңге болатын ұлттық мүлік небәрі 18 миллиард теңгеге сатылған! Былтыр компанияның Әлиевке төлеген дивидендтері 2,4 миллиард теңге болды. Заңсыз төленген қыруар қаржыны өндірудің қандай жолдары бар?", - деп сұрады депутат Бапи.

Депутаттың толық сауалын видеодан көре аласыз:

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста