Шығыс Қазақстан облысында ақтүтек боранда жолда қалғандарға көмектесуге 700-ден астам техника дайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір өңірде ауа райы күрт нашарлап кетті. Ақтүтек боран мен көктайғақ әсіресе алыс жолға шыққандарды әбігерге салуда. Осы ретте, ШҚО ТЖД төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында арнайы штаб құрды.
«Облыста 10 уақытша жылыту пункті жұмыс істеп тұр. 700-ден астам техника дайындалған. Халыққа қолайсыз ауа райы туралы СМС-хабарламалар және «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы ескертіп жатырмыз», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
ШҚО және Абай облысы бойынша дәл осы сәтте 10 жол жабық. Атап айтқанда:
1. «Предгорное-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы»
2. «Герасимовка-Семей»
3. «Қалбатау-Қ.Қайсенов»
4. «Ушанов ауылы-Серебрянск қаласы»
5. «Тарғын-Самар»
6. «Абай облысы-Шемонаиха шекарасы»
7. «Шемонаиха-Секисовка»
8. «Шемонаиха-Үлкен Өзен»
9. «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік»
10. «Кеңсай-Тасбастау».