«Болашақ» түлегі зағип жандарға арналған көмек құралдарын жасап шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.
Инженер-энергетик Нұрбек Еңсебаев пен оның SEZUAL командасының бірегей технологиялары зағип жандарға көруге, арбамен жүретін адамдарға жүруге және көлік жүргізуге, ерекше қажеттіліктері бар балаларға өз бетімен шет тілдерін үйренуге және сауат ашуға мүмкіндік береді. Технологиялар Еуропа Кеңесінің үздік инновациялары қатарына еніп, БҰҰ WSA 2022 сыйлығының 3 үздік номинациясының иегері атанды.
«Болашақ» бағдарламасының арқасында ең батыл идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік алдым. SEZUAL командасының мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беру. Технологияларымыз мұқтаж қазақстандықтарға қолжетімді болғанын қалаймыз. Қазіргі уақытта отандық өндірісті жаппай жолға қою үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», – деп атап өтті «Болашақ» түлегі.