Бір айдан асты. Ақтөбе қаласына әкім әзер табылды
Бір айдан астам креслосы бос тұрған Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Экспресс К.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен, ҚР Президент әкімшілігі және қала мәслихатының келісімімен Ақтөбе қаласының әкімі қызметіне Мұрат Жүребеков кірісті. Жаңа әкімнің жасы -44-те.
Ол Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын, "Strathclyde" университетін (Шотландия, Глазго қ.), "Басқарушы қызметкерлерге арналған бағдарлама" мамандығы бойынша Гарвард бизнес мектебін (АҚШ, Бостон қ.), 2019 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген.
Ақтөбе қаласы әкімі лауазымына дейін 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап, Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
Ақтөбе тұрғындары жаңа әкімді ұзақ күтті. Бұған дейін шаһарды басқарған самбошы Асхат Шахаров 25 қарашада кеткен. Содан бері кресло бос тұрды.