Бауыржан Ибрагимов: "Болат Назарбаевтың ауырып жатқанына сенбеймін"

Бауыржан Ибрагимов: "Болат Назарбаевтың ауырып жатқанына сенбеймін"

"Бауыржан шоу" театрының негізін қалаған Бауыржан Ибрагимов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында Болат Назарбаевтың сырқаттанып қалғанына сенбейтінін айтты.

“Мен онымен хабарласпағалы көп болды. Көп нәрсеге сене беретін жастан өтіп кеттім. “Ойбу, бейшара” деп аяп, сенетін жас болады. Ал есейіп, ақыл тоқтатқан кезде көп нәрсеге сене бермейсің. Сондай жағдайда жүрген, дүниесі бар адам ауырды дегенге сенбеймін. Ол – дені сау, жап-жақсы жүрген жігіт. Мен солай ойлаймын. Көзбен көрмегеннен кейін бір нәрсе айту қиын. Мүмкін, ауру шығар. Бірақ өз басым сенбеймін”, – дейді Бауыржан Ибрагимов.

Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлымен де жақсы араласқанын да айтты.

“Нұрсұлтан Әбішұлымен араласпағалы көп болды. Ол кісіні соңғы рет 2017 жылы жаңа жылда көрдім. Бірге болдық, ол кісі – көпшіл адам. Қазақилығы, адамдармен араласып, әңгіме айтуы жақсы. Өз басым ол кісіге деген көңілім таза. Бірақ саясатпен, өмірде болып жатқан дүниелермен салыстырғанда “әттеген-ай” көп. Ол кісі жақсы лидер, саясаткер. Бірақ елімізде өзімізге керек дүниелерге мән бермей кетті. Дүниежүзі ол кісіні танып, сыйлағаны жақсы, бірақ біздің өз жеріміз, халқымыз, әл-ауқатымыз бар. Тым болмағанда ата-бабамыздан келе жатқан ауыл шаруашылығын сақтап қалуымыз керек еді. Ол кісі бірден Америка болғысы келді”, – дейді Бауыржан Ибрагимов.

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста