Аштық жариялаған жетібайлықтар құрылыс компанияларының ұсынысынан бас тартты

Аштық жариялаған жетібайлықтар құрылыс компанияларының ұсынысынан бас тартты

Маңғыстаудың ірі құрылыс компаниялары Жетібайдағы жолды жауып тастаған ауыл тұрғындарына жұмыс ұсынған. Алайда ереуілде тұрған тұрғындар тек мұнай саласында жұмыс істеуге ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 наурызда "Альянс LTD", "Ақ жол құрылыс", "АЙКОМ LTD" компанияларының басшылары Жетібай ауылындағы жолды жауып тастаған ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға өз компанияларынан жұмыс ұсынған.

“Құрылысшылар әртүрлі жұмыс орындарын ұсынды, мысалы: жартылай тіркеме көлігінің жүргізушісі, электрик, дәнекерлеуші, учаске бастығы, асфальт төсеу машинисі, жеңіл көлік жүргізушісі, бульдозер машинисі, жүк тиегіш машинисі, жүк көлігінің жүргізушісі, тас қалаушы, сылақшы, бетоншы.  Бос жұмыс орындарының ең төменгі жалақысы – 223 мың теңге, ең жоғары жалақы – 450 мың теңге”, – дейді әкімдіктегілер.

"LTD Альянсының" директоры Асқар Керелбаевтың айтуынша, ұсынылып отырған бос жұмыс орындары тұрақты жұмыс болып табылады, өйткені Маңғыстауда құрылыс маусымы ұзақ.

 –  Сіздерге жұмыс керек екенін естігеннен кейін біз тұрақты жұмыс орындарын ұсынып, көмектесуді шештік. Бұл жақсы жұмыс орындары, олардың көпшілігінде арнайы білім қажет емес, біліктілікті арттыруға да көмектесе алады. Оның үстіне біздің компанияларда вахталық әдіспен жұмыс істеуге болады, бір вахта - 15 күн. Нарықтық жалақы алуға болады. Өкінішке орай, мұнай саласына барлық ниет білдірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкін емес, бірақ біз сіздерге нақты жұмыс ұсынып отырмыз - деді Асқар Керелбаев.

Десе де, наразы топ ұсынылған бос жұмыс орындарынан бас тартып, тек мұнай саласына жұмысқа орналасуға ниетті екендерін жеткізген.

Еске салайық, Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындарының ереуілде тұрғанына бүгін төртінші күн. Өндірістік аймаққа баратын жолды жауып тастаған 200-ге жуық адам бар. Барлығының талабы бір – мұнай компанияларына тұрақты жұмысқа орналасу. Кейбір наразылар үкімет назарын аудару үшін құрғақ аштық жариялап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста