«Алтын Орданың» бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды
Алматы облысы Қарасай ауданы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына іздеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келесі адамдар іздеуге жарияланды:
- Данияр Әпдіғапаров 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
- Жұмадин Патов, 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланды.
- Қанат Жақаев, 1984 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
- Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Нәтижелері кейінірек хабарланады.