Алматының емдеу мекемелерінде миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды

Алматының емдеу мекемелерінде миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды

2022 жылы Алматының емдеу мекемелерінде миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Бұл жөнінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы бөлімшесінің директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.


"2022 жылдың 11 айында Қор медициналық ұйымдарда 1 млрд теңгеге жуық сомаға 100 мыңнан астам мін тапты", – деді Тілеухан Әбілдаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Оның айтуынша, заң бұзушылықтың басым бөлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда анықталған.

"Қор бөлімшесі өткен жылы 117 миллион теңгеден астам сомаға 93 мың заң бұзушылықты анықтады. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету бойынша 7,7 мың заң бұзушылық анықталды. Бұл заң бұзушылықтар бойынша 880 млн теңгеден астам сомаға айыппұлдар салынды", - деді Тілеухан Әбілдаев.


Ол емдеу-диагностикалық шаралардың стандарттары, қызмет құнының негізсіз өсуі және қызмет көрсетудің расталмаған фактілері туралы сөз қозғап отырғанын атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста