Алматыдағы жарылған құбырлар 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылған
«Алматы су» МКК Бостандық ауданындағы бірқатар үйді сумен жабдықтау бірнеше сағатта қалпына келтірілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Алматы қаласы әкімдігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.
"Өткен түнде диаметрі 600 мм болатын 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскесінің бірінде оқыс жағдай туындады.
Қазір «Алматы су» МКК апаттық бригадасы оның салдарымен шұғыл түрде күресі жатыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша апатқа 1972 жылы пайдалануға берілген су құбырының тозуы себеп болған.
Аталған сектордағы үйлердің тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуды сұраймыз" - деп жазылған хабарламада.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу