Алматыдағы №119 мектеп-лицейде соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде өтті

Алматыдағы №119 мектеп-лицейде соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде өтті

Бүгін Қазақстанның барлық өңіріндегі мектептерде соңғы қоңырау соғылып, биылғы оқу жылы аяқталды.

Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты №119 мектеп-лицейде аталмыш іс-шара жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиында алғашқы болып сөз алған мектеп директоры Батырбекова Жаныл Сатайқызы 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесінде қалыптасқан бірқатар қиындықтар мен жеткен жетістіктерге кеңінен тоқталды. Мектеп бітіруші түлектерге алдағы емтихандарды өте жақсы деген бағаға тапсыруларына тілектестік білдірді. Сонымен бірге аудандық, қалалық, республикалық олимпиадалар мен өзге де жарыстардан, спорттық сайыстардан жүлделі орын алған оқушылар мен  ұстаздарды марапаттады.

Бірінші сынып бүлдіршіндері қанат қағып ұшайын деп отырған аға, әпкелеріне өлең арнап, гүл шоқтарын беріп құттықтады. Басқа да өнерпаздар ән салып, би билеп соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынды қыздыра түсті.

Жиын соңында мектеп бітіруші түлектер естелік ретінде көгершін, шар ұшырып, алтын ұясымен қимай қоштасты.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста