Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде адам өлтірген инкассатор 8 жылға сотталды

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде адам өлтірген инкассатор 8 жылға сотталды

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасы кезінде ақша айырбастау пункттерінің бірінің жанында кісі өлтірді деген күдікке ілінген адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот анықтағандай, былтыр қаңтар айында төтенше жағдай кезінде инкассатор болып жұмыс істейтін сотталушы Б. ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасалғаны туралы шақыртуға барған. Жоғарыда аталған жерге ол әріптестерімен бірге келгенде жәбірленуші Н.-ны және басқа да адамдарды көрген. Ал ақша айырбастау пункті тоналған.

«Сотталушы Б, ұрыларды далаға шығарып, қолдарын байламақ болған, оған жәбірленуші Н. қарсылық көрсетіп, қашып кетуге әрекет жасаған. Осы кезде жәбірленушіні қуып жеткен сотталушы оның арқасынан атқан. Жараланған Н. көп қан жоғалту салдарынан ауруханада көз жұмды», - деп атап өтті қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айып тағылды. Сот жаза тағайындау кезінде кінәсін ішінара мойындау түріндегі жазаны жеңілдететін мән-жайларды және сотталушының асырауында жас балалардың болуын ескерді.

«Сот үкімімен Б. абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Инкассатор 8 жылға бас бостандығынан айырылды»,- деп хабарлады соттан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста