Алматыда көркем фильмнің түсірілуіне байланысты қала көшелерінің белгілі бір учаскесі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
15 қаңтарда сағат 10-нан 14.00-ге дейін - Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін;
16 қаңтар сағат 19.00-ден 02.00-ге дейін - Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;
18 қаңтар сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін - Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;
18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін - Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін.
Түсірілім барысында түтін, пиротехника құралдары қолданылады, сондай-ақ, қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде адам көп жиналатын түсірілімдер болады.
"Кино тобы түсірілім басталардан бірнеше күн бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар етуге, сондай-ақ, ақпараттық белгілерді тікелей орындарда пайдалануға міндеттенді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсірілім процесіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.