Алматыда 2 мың ата-ана вакцинадан бас тартқан

Алматыда 2 мың ата-ана вакцинадан бас тартқан

Елімізде қызылшаға шалдыққандардың саны 180-нен асып кетті. Бірақ, соған қарамастан 2 мыңнан астам ата-ана балаларына жұқпалы ауруға қарсы екпе салдыртудан бас тартып отыр.


Дәрігерлер мұның соңы қайғылы оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін деп дабыл қағуда. Өйткені балалар арасында А гапатитін жұқтыру жиілеген. 

Наурыз айының орта тұсында тарала бастаған жұқпалы ауруға шалдыққандардың дені Алматы тұрғындары. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сүйенсек 26 адам қазір ауруханаларда ем қабылдап жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Қызылша жұқтырған алматылықтардың 80 проценті 14 жасқа дейінгі балалар. Осыны негізге алған дәрігерлер мегаполисте вакцина алуы керек 8 мың бала мерзімінен кешігіп жатқанына алаңдаулы. Қазір мемлекеттік және жекеменшік емханаларда тегін екпе салу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ ата-аналардың басым бөлігі вакцинациядан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Мамандардың айтуынша, әлі күнге дейін қызылша ауруының нақты бір емі табылмаған. Ал, екпе сырқаттың алдын алуға жәрдемдеседі дейді ақ халаттылар.

"Егілмеген балаларда инфекция ауыр түрде, көп жағдайда асқынуларға алып келеді. Пневмония – өкпенің қабынуы, вирустық қабыну емі жоқ. Көп жағдайда өлім-жітімге әкеп жатады. Балаларда ғана емес ересек адамдар арасында. Одан басқа көздің қабынуы кезінде адам өмір бойына соқыр болып қалуы мүмкін. Сол сияқты мидың қабынуы", - дейді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева.


Қызылша жыл сайын таралатын ауру. Дегенмен былтыр елде аталған вирусты жұқтырған 4-ақ адам тіркелген болса, биыл сырқаттанғандар 187-ге жетті.

kaz.zakon.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста