Алматыда 14 мыңға жуық шетел азаматы жеке сәйкестендіру нөмірін алды

Алматыда 14 мыңға жуық шетел азаматы жеке сәйкестендіру нөмірін алды

 Алматыда биылғы қаңтар айында 22 658 шетелдік азаматтан ЖСН алуға өтінім түсіп, оның 13 974-іне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалынан берілген мәлімет бойынша, ҚР Ішкі істер министрлігінің 2023 жылғы 8 ақпандағы бұйрығымен «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» қағидаларына өзгерістер енген. Мемлекеттік қызметті аумақтық полиция органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетеді.

Атап айтқанда, ЖСН алу үшін шетелдік немесе оның заңды өкілі келген жері бойынша мемлекеттік корпорация немесе веб-портал арқылы өтінішпен көші-қон полициясына жүгінуге және оған құжаттарды қоса беруге тиіс. Сонымен қатар, енді шетелдіктер ЖСН-ін түзету үшін жүгіне алады. Мұнда да жоғарыда айтылған тәртіппен, құжаттарды қоса ұсына отырып, тұрғылықты жері бойынша өтініш береді. ІІМ операторы өтінімдердің дұрыстығын тексереді, мұнан соң ЖСН қалыптастыру не түзету рәсімін жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

«ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметті және қаржылық операцияларын жүргізу үшін кез келген шет мемлекеттің азаматы ала алады. Шетелдіктердің ЖСН алуына енгізілген өзгерістер қатарында ЖСН-ді түзету қызметі бар. Енді шетелдіктер ЖСН-ді түзету үшін де ХҚО-ға жүгіне алады. Сонымен қатар, шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері) жазылуы болмаса, құжаттың тиісті нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беру қажет етіледі. Алматы ХҚО-лары 2022 жылы шетелдіктерден ЖСН қалыптастыруға 129 945 өтініш қабылдады. Оның 118 582-і берілді. 2023 жылдың қаңтар айында 22 658 өтінім қабылданып, 13 974 шетелдікке ЖСН берілді», - деді Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR менеджері Жаңыл Әпетова.

Айта кетейік, шетелдіктерге ЖСН беру жөніндегі өзгерістер туралы бұйрық 25 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.

Еске салсақ, өткен жылы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін 320 мың шетелдік азаматтан өтінім түскен. Сондай-ақ, 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста