Алматы облысының тұрғыны отбасын тастап кеткен әйелін аналық құқынан айыруды сұрады

Алматы облысының тұрғыны отбасын тастап кеткен әйелін аналық құқынан айыруды сұрады

Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғыны Қанат Оңғарбаев 11 жыл отасқан қосағын аналық құқығынан айырып, ұл-қызына алимент өндіруді мақсат еткен. Оның аутынша әйелі бес жыл бұрын балаларын себепсіз тастап кетіп, бірде-бір рет іздеп келмеген. Алайда оның жұбайы Гүлмира Шағаева оның бұл сөздерінің жалған екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі 31 арнаның “50/50” бағдарламасына сілтеме жасап жазды.

Қанат Гүлмираның екінші күйеуі. Бұған дейін ол тұрмыста болып, бір ұлдың анасы атанған. Қанат оның бұрын тұрмыста болғанын, баласы бар екенін үйленер алдын білгенін, қабылдағанын айтады. Алайда Қанаттың сөзінше, отасқандарына бірнеше жыл өткен соң жұбайы еш себепсіз, ұрыссыз, балалармен бірге бәрін тастап кетіп қалған.

 

“Ертеңгісін жұмысқа тұрып, кетті. Содан кешке оралмады. Үйге келмеген кезде қатты алаңдадым, уайымдап жұмысына дейін бардым. Сөйтсем, жұмыстан шығып кеткен екен. Кейін түнгі сағат 00:00-дерде Тараздан анасы жазып енді бармайды өз үйінде деді. Бұған дейін де ол үйден кетіп қалатын, бірақ артынан барып алып келетінмін. Дегенмен осы жолы бәрі басқаша болды. Қатты қиналдым. Жұмыссыз жүріп қалдым. Осы тұста анама алғыс айтам. Оның көмегі тиді”, – деді Қанат.

 

Отағасының айтуынша, жұбайы кеткен кезде кенжесі 3 жаста болған. Ал қыздары анамыз қайда деп ылғи сұрайды екен.

 

“Әжесі оларға нағашы әжлерің ауырып, соған қарауға кетті деп алдап қоятын. Осы күнге дейін балаларыма анаң жаман, сендерді тастап кетті деп айтқан емеспін”, – деп қосты ол.

 

Қанаттың анасының сөзінше, Гүлмира бұдан соң үшінші рет тұрмысқа шыққан екен. Енесі оның жаңа жұбайымен құшақтасып түскен суреттерін желіден көргенін айтады.

 

“Ол аналық құқығынан айырылсын. Кейін балаларға ештеңе болмағандай келгенін қаламаймын. Балалардың жәрдемақысынан байып кетемін дейтін ойым жоқ. Жай ғана бәрі заң жүзінде әділ болса деймін”, – деді Қанат.

 

Гүлмираның өз айтары бар. Ол өзін көкек ана санамайтынын, келін болып түскен Қанаттың отбасы оған күн көрсетпегенін алға тартты. Одан бөлек, бірінші некесінен туған баланың барын да бетіне басқанын алға тартты.

 

“Ақша таппай арақ ішіп жүрді. Енді мен арқылы ақша табайын деген екен ғой. Енеммен бірге жабылып, маған қол көтерді. Егерде жақсы жерде болсам, мен кететін бе едім. “Үш балама қолыңның ұшын тигізбе, өзіңнің ұлыңа кет” деді ғой. Сол үшін кеттім. Керек болса, өзім асыраймын, балаларымды өзіме аламын. Ажырастық дейді, алайда заңды некеде әлі тұрмыз”, – деді Гүлмира.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста