Әл-Фараби кітапханасында «Күншығыс аңыздары» көрмесі ашылды

Әл-Фараби кітапханасында «Күншығыс аңыздары» көрмесі ашылды

Биыл Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осының құрметіне Қазақ Ұлттық университетінің  Әл-Фараби кітапханасында осы оқу орнының түлегі, Еуразия Жазушылар Одағы мен Жапонияның Фольклористер ассоциациясының мүшесі, жапонтанушы Шарафат Жылқыбаеваның еңбектеріне арналған «Күншығыс аңыздары»  деп аталатын көрме ашылды.

 

  

Шараның ашылуында Жапония Қорының өкілі Идэ Гохэй Шарафат Жылқыбаеваның жапон мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі туралы сөз сөйледі.

 

Танымал өнерпаз Айтмұрат Төреғали жапонның шямисэн аспабында ойнап, музыкалық шашу шашты.

 

Жапон және қазақ тілдеріндегі әдеби-публицистикалық шығармалар қойылған көрме «Жапон өнерiнiң бастаулары және көшпендiлер мәдениетi», «Қазақстан және Жапония: Жарқын болашаққа ортақ көзқарас», «Жапон прозасы – қазақ тілінде» деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

 

  

Жиын соңында Шарафат Жылқыбаева Ақбөпе Сикинбаева бастаған кітапхана ұжымына алғыс айтып, 2021 жылы шыққан «Көк Бөрінің көзі» деп аталатын кітабының 10 данасын тарту етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста