Әйел бұрынғы күйеуінің үйлену тойын бұзып, қалыңдығын "ашына" деп атады

Әйел бұрынғы күйеуінің үйлену тойын бұзып, қалыңдығын "ашына" деп атады

Қытай тұрғыны бұрынғы күйеуінің үйлену тойының шырқын бұзды. Өйткені ер адам әйелге ажырасу процесінде төлеуге келіскен ақшаны аудармаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сычуань провинциясының тұрғыны Ло Ли есімді ер адаммен 2019 жылы ажырасқан. Қытайлық қызына қамқорлықты өз мойнына алып, бұрынғы әйеліне бір миллион юань (11,4 миллион рубль) өтемақы төлейді. Ол сондай-ақ ай сайын бес мың юань (57 мың рубль) жіберуге және қайтадан үйленгенге дейін оның медициналық шығындарын жабуға келіседі. Алайда 2023 жылдың қаңтарында Ли бұрынғы әйеліне ақша жібермей қояды. Сол айда ер адамның қайтадан үйленгені белгілі болды. 

Ло бұрынғы жұбайын сот арқылы оған ақша аударуға мәжбүрлей алмағандықтан оның үйлену тойын бұзуға шешім қабылдайды. Әйел тойға плакат және парақшалармен келген. Онда ол Лидің қалыңдығын ашына деп атайды. Ло барлық қонақтарға қолындағы парақтарын таратып,  үйлену тойы өткен тұрғын үй кешенінің кіреберісіне плакатты іліп қояды. 

Бұған жауап ретінде Ли бұрынғы әйелінің үстінен жала жапты деп сотқа шағымданды. Қайта қарау кезінде ер адам әйелге қажетті соманы үш бөлікке бөліп төлеуге келісті. Ло өз кезегінде үйлену тойындағы іс-әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрады.

Көптеген желі қолданушылары Лоны айыптап, оны ашкөз деп атады. "Екінші рет тұрмысқа шықпай-ақ, ол ай сайын бес мың юань кіріс ала алады. Бұл көптеген адамдардың жалақысынан көп! Бұл әйел жай ғана ашкөз", — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста