«Абыроймен кетуді ойладым»: Аймағамбетов министр болып тағайындалғанда өзін қандай ой мазалағанын айтты

«Абыроймен кетуді ойладым»: Аймағамбетов министр болып тағайындалғанда өзін қандай ой мазалағанын айтты

4 қаңтар күні Оқу-ағарту министрі қызметінен кеткен Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Ол лауазымды қызметте болғанда үнемі не ойлағанын және президенттің қабылдауында болғанда қандай сұрақтар қойылатынын айтты, деп жазады Kznews.kz.

«Президент облыс әкімінің орынбасары болып жүрген, әлі қырыққа толмаған мені 2019 жылы министр қызметіне сайлады. Бұл — елдің алдындағы, президенттің алдындағы үлкен жауапкершілік еді. Мемлекет басшысы мені қабылдауына шақырып, осы қызметті сеніп тапсырған сәтте ойымда бір-ақ нәрсе тұрды. Аталған жайт осы қызметті атқарған 3 жыл 7 айдың ішінде де ойымнан бір сәтке шыққан жоқ. Бұл — абыроймен кету еді. Абыроймен кетуді ойладым. Қызметке тұру бөлек, одан абыроймен кетуді де ұмытпау керек», — деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, экс-министр президенттің қабылдауында болғанда айтылатын сауалдарға тоқталды. «Түрлі реформаларды жүзеге асырдық. Мұғалім, педагог мәртебесін арттыру үшін көптеген жұмыс атқарылды. Мемлекет басшысы мені қабылдауында шақырғанда үнемі бір сұрақты қоятын. «Мұғалімдердің әл-ауқатын көтеру үшін, білім саласын жақсарту үшін не істейміз?», — деп сұрайтын. Президентіміз білім саласын дамытуды ерекше бақылауында ұстады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста