Абайдағы өртті сөндіріп жатқан әскери қызметкерлердің жалақысы қанша?

Абайдағы өртті сөндіріп жатқан әскери қызметкерлердің жалақысы қанша?

Абай облысындағы орман өртін ауыздықтауға атсалысып жатқан әскери қызметкерлердің қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
 
Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сенаттың кулуарында мәлімдеді.

Сонымен қатар ол әскери қызметкерлердің мұндай төтенше жағдайға дайындығына тоқталды.

Дайындықтары талапқа сәйкес. Әрине, әскери қызметкерлердің бағыты біраз басқа екендігі белгілі. Бірақ сонымен қатар оған (өртті сөндіруге – ред.) басқа техника, соның ішінде, әскери авиация, әскери техника, өртті сөндіру үшін қолданылатын инженерлік техника да қатысуда, - деді ведомство басшысының орынбасары.
Сондай-ақ вице-министр келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметкерлердің жалақысы қанша екендігін айтты.

Мен де келісімшартпен жұмыс істеймін. Келісімшарт қызметіне сержант, қатардағы құрам мен келісімшарт бойынша офицерлер кіреді. Олардың жалақысы 90 мың және одан жоғары. Келісімшартпен жұмыс істейтін генерал бар, қатардағы қызметкерлер бар. Қатардағы құрамның сарбазы – 90 мыңнан 140 мыңға дейін алады. Сержанттар одан сәл көбірек алады. Жалақыны арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді. Биыл жазғы құрамның, әскери медицина қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының жалақысы жоғарылайды. Келесі жылдан бастап әскери атағы үшін жалақыға 30 пайызға дейін қосу жоспарда бар, - деді Сұлтан Камалетдинов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста