Абай облысында орман өрті өршіп барады: министр жұмыс сапарын тоқтатуға мәжбүр болды

Абай облысында орман өрті өршіп барады: министр жұмыс сапарын тоқтатуға мәжбүр болды

Кеше басталған орман өртін сөндіруге 600-ден аса адам және 6 тікұшақ жұмылдырылды

Абай облысында "Семей орманы" аумағындағы өрттің ауданы 30 мың гектарға дейін жетті. Өрттің өршуіне байланысты төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты.


ТЖМ мәліметінше, Абай облысында 6 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге жәрдемдесуде.

"Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және қорғаныс министрлігінен 600-ден астам адам, 168 техника жұмылдырылған. Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес, өрт ауданы 30 000 га құрайды", - делінген хабарламада.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жұмысы жүріп жатыр. Бүгінге дейін өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілген, жалпы көлемі 154 тоннаны құрайды.


Ведомство ақпаратынша, төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады.


"Қазгидромет" болжамынша, 9 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде, батысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20 градус, облыстың оңтүстігінде 23 градус, ал күндіз 29-34 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус ыстық күтілуде.


Еске салсақ, 8 маусым күні түсте Абай облысы Батпаев орман шаруашылығының аумағында 0,3 га алаңда ағаштар жанғаны хабарланды. Түнге дейін өрт 2 мың га дейін жайылды. Үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста