8 наурызға орай аналарға бір реттік жәрдемақы төленеді
Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Абай облыстарында 8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы аналар мен атаулы көмек алатын отбасыларға бір реттік жәрдемақы төленеді, – деп хабарлады halyq-uni.kz.
Ал Астанада көпбалалы аналар мен табысы аз азаматтарға 2,5 АЕК, яғни 8 625 теңгеден әлеуметтік көмек беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Болат Жұмаділ айтты. Оның айтуынша, Астана қаласы бойынша 30 мыңға жуық анаға бір реттік жәрдемақы беру жоспарланған.
Бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер өздері белгілейді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, 11 673 ана 17 720 теңге көлемінде ақша алады.
Бұл төлем жәрдемақы алып жүрген азаматтардың шотына бірден түседі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу