2023 жылы Алматыда 8 саябақ жөнделіп, 320 мың ағаш отырғызылады
Алматыда келесі жылы 320 мың ағаш отырғызылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылға 320 мың ағаш отырғызу жоспарланған, сонымен қатар, 8 саябақтың құрылысы мен қайта жаңалау, 13 қоғамдық кеңістікті жобалау көзделген. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтып берді.
Биыл Алматыда 423 мың көшет отырғызылды, негізі 320 мың көшет егу жоспарланған.
2,3 млн ағашқа 4 кезеңдік биологиялық өңдеу жүргізілді, келесі жылы 2,8 млн ағаш өңделеді.
5 мың қураған ағаш кесіліп, оның орнына 50 мың көшет отырғызылды. 2023 жылы 170 мың көшет отырғызып, 17 мың қураған ағашты кесу жоспарға енген.
3 жаңа саябақ аймағы құрылуда, сонымен бірге, 8 саябақ пен скверді абаттандыру жүргізіліп жатыр, оның 4-уі аяқталды, қалған 4-і келесі жылы бітеді.
2022 жылы жасыл желектердің ауданы адам басына шаққанда 12 шаршы метрге дейін көбейтіледі, саябақ аумақтарының ауданы 631-ден 712 гектарға дейін кеңейтілді.