Ертең, 13 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне бейнебайланыс форматында қатысады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саммит барысында дамушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары қазіргі әлемнің өзекті мәселелерін шешу үшін күш-жігер біріктіру перспективаларын талқылайды.