Оралда Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапич 100 жылдық мерейтойын атап өтті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Ол ештеңеге қарамастан, белсенді өмір салтын ұстанады. Ардагер қалалық іс-шараларға қатысады және жастармен кездесулер өткізеді. Иван Степанович өзінің ұзақ өмір сүруінің құпиясын бөлісті.
"Бұл жерде ешқандай құпия жоқ. Салауатты өмір салтын өмір бойы ұстану, спортпен шұғылдану, тіпті қартайсаң да жаттығу, жаман әдеттердің болмауы - осы ғана", - деді ардагер.