100 мың үшін ағасын өлтірген азамат 1 жылға сотталды

100 мың үшін ағасын өлтірген азамат 1 жылға сотталды

Түркістан облысында туған ағасына пышақ сұққан Н. есімді азаматқа қатысты іс қаралды деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше,  ол 2022 жылғы 21 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында өзінің ағасы Е-мен сөзге келіп қалған. Жәбірленуші Е. сотталған Н-ді ұрып жіберген. Сотталушы Н. ағасына қол көтермей үйінен үш километр жерде орналасқан баудағы арқандаулы тұрған малдарына қарауға өзінің ВАЗ-2106 маркалы автокөлігіне отырып кетіп қалған.

Келесі күні сағат 07:30 шамасында жәбірленуші Е. бауырынан алдында берген 100.000 теңге ақшасын сұраған. Сонда сотталушы Н. қазіргі таңда ондай ақшасы жоқ екенін, кейін малын сатып беретіндігін айтқан. Сол уақытта араларында ұрыс шығып, төбелескен.

«Сотталушы Н. не істерін білмей, ағасына шамасы жетпейтінін біліп, шкаф ішінде тұрған асхана пышағын алып, жәбірленуші Е-нің оң жақ көкірек тұсынан, яғни жүрегінен бір рет сұғып алған. Салдарынан жәбірленуші Е. оқиға орнында қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мәлімдеді», – делінген хабарламада.
27 ақпанда соттың үкімімен Н-ға Қылмыстық Кодексінің 112-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 (бір) жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста