1 шілдеден бастап мүгедек адамдардың жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға ұлғаяды

1 шілдеден бастап мүгедек адамдардың жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға ұлғаяды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңір халқымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
ҚР Еңбекмині баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап – ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енгеннен кейін іске асырылатын әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңалықтар туралы айтты.

Вице-министр жұмыс сапарын №1 Ақтөбе әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Еңбек мобильдігі орталығына барудан бастады, онда ол ұйымдардың жұмысымен танысып, облыс орталығының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Ербол Оспанов халықты әлеуметтік қолдау шараларын белсенді тағайындауды, азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялауды, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерін дамытуды, халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдерді көздейтін Әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары туралы айтып берді.

Бұдан кейін Ербол Оспанов Әлеуметтік кодексті іске асырудың негізгі кезеңдеріне қатысты журналистер үшін брифинг өткізді.

Осыдан соң вице-министр «Тең қоғам» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Ол әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі алдағы өзгерістер туралы айтып берді, оның басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі – АӘҚ) қолжетімділігін арттыру.

Мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту көзделеді. Олардың туыстары тиісті жалақымен және әлеуметтік аударымдармен жеке көмекшілер ретінде ресімделеді. Тағы бір өзгеріс – АӘҚ стандарттарын қайта қарау және жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу. Қызметтер үшін жекелеген нормативтер, ал өтемдік техникалық құралдар үшін шекті бағалар болады. Бұл өзгерістер, бір жағынан, техникалық құралдардың немесе тауарлардың кейбір түрін одан әрі монетизациялауға әкеп соқтырады, екінші жағынан, жеке секторды кеңінен тарту, әсіресе ауылдық елді мекендерде ЖҚҚ қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді вице-министр.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап 7 өңірде сыйымдылығы 50 адамнан аспайтын шағын жинақты үйлерде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің пилоттық жобасы іске асырылатын болады.

Соңғы уақытта сапалы техникалық оңалту құралдарымен (бұдан әрі – ТОҚ) қамтамасыз ету мәселесі бірнеше рет көтерілгенін ескере отырып, ағымдағы жылға бұл мәселені шешу бойынша бірнеше шаралар жоспарланған болатын. Біріншісі-балаларға қымбат тұратын оңалту құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп іске асырылатын «Техникалық оңалту құралдарының инновациялық фабрикасы» жобасының басталуы. Екіншіден, оңалтудың техникалық құралдарының жіктеуіші толығымен қайта қаралды. Осының арқасында ОТҚ әр азаматтың жеке қажеттіліктеріне қарай берілетін болады, - деді Ербол Оспанов.
ҮЕҰ өкілдерімен кездесуден кейін вице-министр Мәртөк ауданындағы «Зәру» орталығына барды, онда мүгедектігі бар адамдар үшін санаторий-курорттық емдеу ұсынылады. Ербол Оспанов қызмет алушыларды ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы хабардар етті.

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарға, оларға күтім жасайтын адамдарға, сондай-ақ асыраушыларынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға ұлғаяды. Жыл басынан бері жәрдемақылар мөлшерінің 8,5%-ға ұлғаюын ескере отырып, төлемдер мөлшері өткен жылдың деңгейіне қарағанда жалпы алғанда 23%-ға ұлғаяды, – деп атап өтті Оспанов.
Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын қарау қорытындысы бойынша бірқатар қосымша шара қарастырылды. Мысалы: азаматтарға берілетін гигиеналық құралдардың нормативін екі есе арттыру, психикалық аурулары бар балаларды санаторий-курорттық емдеу бойынша пилоттық жобаны енгізу, инватакси мәселесін шешу үшін Яндекс таксимен уағдаластықтарға қол жеткізу және т. б.

Жұмыс сапары барысында вице-министр сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барады, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде грант алушылармен кездеседі, сондай-ақ Мәртөк аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста