Сәуірдің 20-сы
Алаштың атаулы күні
• 81 жыл бұрын (1930) ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының Мұхамеджан Тынышбаев бастаған 20-дан астам мүшесі жазаланды. Осы топпен бірге істі болған Мұхтар Әуезов, Уәлихан Омаров, Біләл Сүлеев, Әлімхан Ермеков алдын-ала тергеу кезінде түрмеде отырған уақыты есепке алынып, босатылды.
• Халықаралық хатшылар күні.
Туған күн иелері
Жауғашты Нәбиев (1942) – «Қазақстан-Коммерция» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
Есенгелді Кенжетаев (1950) – Бас прокурордың тергеу топтарына жетекшілік ету бойынша аға көмекшісі;
Жұмаш Қосанов (1951) – заң ғылымының докторы, профессор;
Өмірзақ Мелдеханов (1953) – «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы;
Үсен Сүлейменов (1959) – Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты өкілінің орынбасары;
Әли Бектаев (1962) – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Кәрімбек Құрманәлиев (1962) – Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, филология ғылымының докторы, профессор, академик;
Қаныш Ізбастин (1981) – «БРК-Лизинг» АҚ басқарма төрағасы.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
ЖАУҒАШТЫ – қазақтың төл есімі. Жаугершілік заманында көп қойылған ныспы. Опасыз соғыс, сұм майданнан шаршаған әлеуметтің арман-аңсары түрлі ырымдармен, жаңа туған сәбиге қойылатын осындай есімдермен әдіптеліп отырған. Жау жерімізді тастап қашсын. Ел аман, жұрт тыныш болсын, бейбітшілік заман орнасын деген ниетпен қойылады. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында көп қойылған осы есім қазіргі таңда сирек ныспылар қатарына жатады.