27 Қараша
Қарашаның 27-сі
Алаштың атаулы күні
• 1 жыл бұрын (2009) Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ISESCO) Алматы қаласын – 2015 жылғы ислам мәдениетінің қаласы деп атауға шешім қабылдады.
Туған күн иелері:
Қолан Аманов (1932) – жазушы, мемлекет қайраткері;
Сабыр Имандосов (1946) – генерал-майор, дипломат;
Жұмабек Бұсырманов (1950) – заң ғылымының докторы;
Еркебұлан Нашаров (1953) – Қарағанды облысы Абай ауданының әкімі;
Қанатбек Оспанбеков (1955) – Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары;
Амантай Сейфуллин (1957) – Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі;
Шерубай Құрманбайұлы (1964) – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор;
Жандос Әкімжанов (1965) – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының орынбасары;
Мәди Атамқұлов (1974) – Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметі жетекшісінің орынбасары.
Қарашаның 28-і
Алаштың атаулы күні
• 75 жыл бұрын (1935-1983) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Сабырұлы НӘЖІМЕДЕНОВ дүниеге келді.
• 5 жыл бұрын (2005) Павлодардың Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы «Жергілікті мұражайларды қолдау» акциясының барысында қала тұрғындары сыйға тартқан 418 жаңа жәдігермен толықты. Сыйлықтардың арасында Мәдидің тұтынған «Құранын» және Мұхтар Әуезовтің 1947 жылы жарық көрген «Абай» кітабын атауға болады.
• 3 жыл бұрын (2007) Президенттік мәдениет орталығында Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев туралы түсірілген «Ақ шағылда туған арман», «Парасат биігінде» атты деректі фильмдердің тұсаукесер рәсімі болды.
Туған күн иелері:
Шәкәрім Жансейітов (1938) – «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі;
Еркін Белқожанов (1944) – полиция генерал-майоры;
Бисенғали Тәжияқов (1946) – Ұлттық банкі төрағасының орынбасары;
Оңдасын Жиенқұлов (1955) – Жамбыл облысы Талас ауданының әкімі;
Сәкен Жылқайдаров (1956) – Талдықорған қаласының әкімі;
Людмила Хочиева (1959) – Мәжіліс депутаты;
Жанат Сейдуманов (1960) – ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры;
Аманбек Қалжанов (1961) – Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімі;
Бақытжан Бармағамбетов (1962) – «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
Нұралы Сәдуақасов (1964) – Қостанай облысы әкімінің орынбасары;
Әсет Мағауов (1972) – мұнай және газ вице-министрі;
Мағжан Әуезов (1975) – «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры.
Қарашаның 29-ы
Туған күн иелері:
Қыдырбек Андағұлов (1947) – Алматы қаласы Медициналық қызмет сапасын бақылау басқармасының директоры;
Болат Еламанов (1950) – «Азимут энерджи Сервисез» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, техника ғылымының докторы, профессор;
Серік Кененбаев (1954) – «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, академик;
Нұрлан Құдайбергенов (1955) – техника ғылымының докторы, профессор;
Дулат Қуанышев (1960) – Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және өкілетті елшісі;
Аязбай Османғалиев (1963) – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі;
Нұржан Сұбханбердин (1964) – «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
Бақыт Сұлтанов (1971) – Президент көмекшісі;
Нұрлан Мелс (1973) – Парламент Мәжілісі төрағасының көмекшісі.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»