22 Мамыр
Алаштың атаулы күні
1992 жылы Қазақстан ЮНЕСКО-ға мүше болды.
Халықаралық биологиялық әралуандық күні.
Туған күн иелері
Уәхит Шалекенов (1924) – этнограф, археолог, тарих ғылымының докторы, профессор;
Бейбіт Жұмабаев (1945) – Ионосфера институты директорының орынбасары;
Оңдасын Елубай (1950) – жазушы;
Шаттықберген Мырзабеков (1955) – «ЦентрКредитБанк» АҚ Астана филиалының директоры;
Асылбек Қожахметов (1958) – «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы;
Нұрлан Мүтәлиев (1959) – «Н Оперейтинг Компани» ЖШС бас директорының орынбасары;
Сәуле Айтбаева (1960) – Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
Айдар Жұмабаев (1964) – Журналистер академиясының академигі;
Сабыржан Нұржанов (1969) – ABC Investments Holding ЖШС бас директоры;
Нұржан Жаңабеков (1970) – Lancaster Invest АҚ бірінші вице-президенті;
Бақыткүл Есенова (1971) – Ішкі істер министрлігі қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бастығы.
Мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
Уәхит: арабтың «уахидун» (жалғыз, дара) сөзінен шығады. Алла тағаланың негізгі сипаты – оның даралығы құрметіне қойылған есім.
Айдар: арабтың «хейдар» (арыстан) сөзімен төркіндес. Айбатты болсын деген тілекпен қойылатын есім.
Жақсы түс – жарым ырыс
Егер түсіңізде арыстанға немесе жолбарысқа мініп жүрсеңіз, онда өңіңізде барлық жауларыңызды тізе бүктіресіз.