2 Желтоқсан
Желтоқсанның 2-і
Алаштың атаулы күні
• Құлдыққа қарсы күрестің халықаралық күні.
• 2008 жылы Астанада Мәдениет пен діндердің халықаралық орталығы ашылды.
Туған күн иелері
Рахманқұл Бердібаев (1927) – филология ғылымының докторы, профессор, академик;
Софья Раева (1947) – Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасының директоры;
Жұмабек Жарқынбаев (1949) – еркін күрестен спорт шебері;
Қожамұрат Өскімбаев (1954) – «Қазақстанның Халық банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, полиция генерал-майоры;
Абай Байжомартов (1955) – Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары;
Асхат Оразбай (1960) – Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елші;
Бердібек Мейірбеков (1962) – Премьер-министр кеңсесі қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі;
Еділ Кірішев (1967) – «Қазмұнайхим» АҚ бас директоры;
Дәулет Әбжанов (1971) – «Қазақстанның Халық банкі» АҚ бас заңгер кеңесшісі;
Айдар Совет (1971) – Жамбыл облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы, полиция майоры;
Санат Көшкімбаев (1972) – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері;
Ардақ Исатаева (1976) – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, дәстүрлі әнші;
Арлан Шабдарбаев (1977) – Павлодар мұнай-химия зауытының қаржы директоры.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
РАХМАНҚҰЛ – арабтың «рахман» (рақым, мейірім, кешірім) және қазақтың «құл» (тәуелді, бас еркі жоқ) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Діни есімдер қатарына жатады. Өйткені «Рахман» Алланың 99 есімінің бірі. Қазақ жаңа туған сәбиге бұл есімді «Жаратқанның мейірімді, иманды құлы болсын, хақ жолынан таймасын» деген ниетпен қояды.