Қазанның 17-сі
Алаштың атаулы күні
• Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні.
Туған күн иелері
Орысбай Баймырзаев (1939) – сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері;
Керімбек Сыздықов (1939) – филология ғылымының докторы, жазушы;
Мінуар Әкімханов (1943) – ақын;
Шәкен Күмісбайұлы (1943) – жазушы;
Ғұмар Дүйсембаев (1956) – Батыс Қазақстан облыстық өндіріс және энергетика басқармасының бастығы;
Төлебай Қожан (1956) – Жоғарғы сот судьясы;
Нүрила Үсенова (1957) – Алматы қалалық салық департаментінің бастығы;
Каналбек Райымбеков (1959) – Жер ресурстары агенттігі төрағасының орынбасары;
Қазанның 18-і
Алаштың атаулы күні
• 1939 жылы Қарағанды облысының Ұлытау ауданы құрылды.
• Рухани келісім күні.
• Азық-түлік өнеркәсібі қызметкерлерінің күні.
Туған күн иелері
Есмұханбет Смаилов (1946) – Білім және ғылым министрлігі Қолданбалы математика институтының директоры, физика-математика ғылымының докторы;
Айбар Рахманов (1957) – «Атырау жарық» компаниясының президенті;
Замир Сағынов (1966) – Көлік және коммуникация министрлігі Автожолдар комитетінің төрағасы;
Эдуард Огай (1969) – «Қазақмыс» корпорациясының» басқарма төрағасы;
Анар Мешімбаева (1970) – Статистика агенттігінің төрайымы;
Елжан Біртанов (1971) – денсаулық сақтау вице-министрі;
Руслан Жақыпов (1979) – армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Қазанның 19-ы
Алаштың атаулы күні
• 1924 жылы Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев дүниеге келді.
• 1989 жылы Семей полигонында ең соңғы ядролық жарылыс болды.
Туған күн иелері
Мыңбай Рәш (1930) – ақын, сатирик;
Төрегелді Шарманов (1930) – Тағам институтының президенті, медицина ғылымының докторы, профессор, академик;
Әукен Мәшкеев (1933) – медицина ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Шәмшиден Әбдіраман (1937) – жазушы;
Александр Гаркавец (1947) – филология ғылымының докторы;
Найля Шәріпова (1947) – Инженерлік академияның департамент директоры;
Айзада Ешмаханова (1949) – педагог, Халық ағарту ісінің үздігі;
Мырзағали Іңірбаев (1952) – ақын;
Есетжан Қосубаев (1955) – KazEnergy қоғамдық қорының президенті;
Жұмабек Кеншімов (1956) – Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулы;
Рахымжан Отарбаев (1956) – жазушы;
Серік Қапаров (1961) – Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының бірінші вице-ректоры, профессор;
Кәмел Дұғанбаев (1973) – ҰҚК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша шекара қызметінің бастығы.
Мерейлеріңіз үстем болып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»