1 Шілде

Алаштың атаулы күні
• 1889 жылы Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытов дүниеге келді.
• 1929 жылы Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
• 1941 жылы Ақтөбе қаласында 312-атқыштар дивизиясы жасақталды.
• 1958 жылы «Балдырған» журналының алғашқы саны жарық көрді.
• 1958 жылы «Парасат» журналының алғашқы саны «Мәдениет және тұрмыс» деген атаумен жарық көрді.
• 1989 жылы «Алматы ақшамы» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
• 1993 жылы Қазақстан мен Катар мемлекеті арасында дипломатиялық қатынас орнады.
• 2005 жылы Астанада Тұңғыш Президент мұражайы ашылды.
• Сәулетшілердің бүкілдүниежүзілік күні.

Туған күн иелері
Асқар Құлыбаев (1937) – техника ғылымының докторы, академик;
Арыстан Қайнарбаев (1939) – Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Шолпан Сармұрзина (1939) – тарих ғылымының докторы;
Алмасбек Әбдірахманов (1939) – генерал-майор, Қазақстанның құрметті байланысшысы;
Зиядан Қожалымов (1944) – халық емшісі;
Мұхтар Еркетаев (1945) – «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары;
Бекмахан Құралбаев (1947) – Президент іс басқармасы орталық ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымының докторы, профессор;
Жаңбырбай Дәрібаев (1955) – Қарағанды облысы Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы;
Мейірхан Сатыбалдин (1956) – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы;
Алмат Мұрзин (1958) – «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
Нұрмахан Жолдасов (1959) – Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы;
Сұлтан Күсетов (1959) – Ішкі істер министрлігі Криминалды полиция комитетінің төрағасы, полковник;
Түкен Егінбаев (1961) – «ҚазТрансГаз» АҚ басқарушы директоры;
Махамбет Бейдалы (1964) – Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі;
Серік Оспанов (1964) – Мәжіліс депутаты;
Есжан Біртанов (1975) – ҚР Ұлттық банкінің Монетарлы операциялар департаменті директорының орынбасары;
Сүйіндік Төрекелдиев (1975) – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары;
Айнұр Қамысбекқызы (1981) – «Қазақстан» ұлттық арнасының тележүргізушісі;
Нұрлан Тойымбек (1983) – Президент Әкімшілігінің консультанты.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры:

МҰХТАР – арабтың «мухтар» деген сөзінен шыққан. Таңдаулы, сыйлы, еркін, құрметті деген мағына береді. Тұран топырағына Ислам діні кеңінен қанат жайған тұстан бастап, ел ішіне есім ретінде енген сөз. Жаңа туған сәбиге «сыйлы, қадірлі болсын» деген ниетпен қойылатын ныспы. Қазақ халқы осы есіммен аттас ұлы перзенттерінің құрметіне де балаларына «Мұхтар» есімін беріп жатады. Ел ішінде жиі кездесетін есім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста