Жыртылған тудың маңдайшада тұрғаны дұрыс па?

Жыртылған тудың маңдайшада тұрғаны дұрыс па?

Мекеме маңдайшасына ілінген көк байрағымыздың тозып, өңінің кеткенін, шеті жыртыла бастағанын байқаймыз. Туды алмастырып, жаңасын ілмеген қызметкерлер жауаптылыққа тартыла ма?
Ләзиза Бердібекқызы
Алматы қаласы

Ұлттық құндылықты дәріптеу – ортақ парыз.Отанды сүю, Ата Заңға бағыну, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – ортақ парызымыз. Ұлттың басты ерекшелігі саналатын бұл құндылықтарды қолданудың өз тәртібі белгіленіп, оны бұзғандарға
арнайы жауаптылық та көзделген. мұның барлығы «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңда нақты көрсетілгенін айта кеткен жөн. Бұл жерде нені назарда ұстаған дұрыс?
Егер мемлекеттік туды, елтаңбаны дайындауға қатысты ұлттық стандарт бұзылған жағдайда айыптыға Әкімшілік
құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 418-бабына сай, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал, мемлекеттік рәміздерді пайда табу құралы еткендер де жазасыз қалмайды. Жоғарыдағы кодекстің 458-бабына сәйкес, мемлекеттік рәміз бейнелерін заңсыз пайдаланған, сондай-ақ, Әнұранды қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып орындағандар екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал, Ата Заң талаптарын мазақ ету, көк байрағымызды жыртып, Елтаңбаны қирату – рәміздерді қорлаудың бір түрі. Оған қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша жаза тағайындалады. Яғни, рәміздерді қорлағандар екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. мұндай әрекеттерге қатаң жаза тағайындалғаны дұрыс. Себебі мемлекеттік
ту, Елтаңба мен Әнұран – халықтың ар-намысы. Ал мұндай киені дайындау, пайдалану және қорғау –ұлттық мәселе. қайта қателік жасағандарды жария түрде жауапкершілікке тартқан дұрыс. Сонда туды әр жерге тастап, жыртылғанына мән бермейтіндер өзгенің қателігінен сабақ алады.
Айбек Жусупов,
Алматы қаласы бойынша құқықтық статистика және
арнайы есепке алу басқармасының аға прокуроры
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста