Жүкті әйелін ұрған астаналық азамат 10 тәулікке қамауға алынды
Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.
«102» арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түсті.
42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысы қорлап, ұрып-соққаны анықталды.
«Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қолын көтеруі емес. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу