Жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жиын өтті

Алатау ауданындағы №26 ЖББ мектеп ғимаратында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік » атты Жолдауы мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа арналған стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жиын өтті.
Басқосуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын –алу басқармасының басшысы Анапин Мақсатхан, Аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева және аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Ақмұрзаева сонымен қатар, аудандық мемлекеттік органдардың білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Сөз сөйлеушілерге 7-10 минуттан уақыт белгілеп, жиналғандар аталмыш тақырып төңірегінде толыққанды әңгіме өрбітті. Алғашқы сөзді Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын–алу басқармасының басшысы Анапин Мақсатханға берілді. Маман пікірі көптің көңілінен шықты. Қысқаша тоқтала кетсек...Анапин Мақсатхан, Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын–алу басқармасының басшысы:- Қазақстан үшін, саясаттанушылар мен зерттеушілердің пікірінше, сыбайлас жемқорлықпен күресудің Малазиялық тәжірибесі де ойға қонымды. Малайзияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған стратегиясы мен оның жоғары деңгейде іске асырылуы бұл тәжірибені оқып зерттеуге деген қызығушылығымызды арттыра түседі. Қазақстан мен Малайзия елдерінің шамамен бірдей халық саны, мемлекеттік аппарат саны, экономикасының көлемі сияқты ұқсастықтары Малайзия елінің тәжірибесі тұрғысынан әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жоюға жағдай жасайтын мәселелерді қарастыруымызға мүмкіндік береді. Малайзия да Қазақстан сияқты көпұлтты әрі поликонфессионалдық мемлекет. 2008 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы халықаралық тәжірибе» атты курс ұйымдастырып, Малайзия еліне іссапарға жіберді. Сондықтан алдағы уақытта еліміздегі жемқорлықпен күресте толықтай жеңіске жетеміз деген ойдамыз. Сонымен, қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «дайын рецепт» жоқ. Бірақ енгізілген және тәжірибеде қолданылып жатқан көптеген табысты мысалдар, әдістер, «жаңалықтар» бар. Қазақстан өзінің ерекше менталитетін, адамгершілігін және жеке тұлғаға деген құрметін сақтай отырып, әрдайым басқа елдердің тәжірибесінен ең жақсысын таңдап алатындығымен, басқалардан үйренуге ұялмайтындығымен ерекшеленеді. Мұның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тәжірибесіне де тікелей қатысы бар.Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева да сөз алды. Ол –"Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болатындығы жөнінде тілге тиек" етті. Жиын қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының борышы екендігі айтылды. Жиында аталмыш тақырып төңірегінде фильм көрсетілді.
Еркенұр ЕРЗИЯ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста