Жаркентте 21 жастағы көлік жүргізуші адам қағып, мерт қылды
Жетісу облысының Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында 48 жастағы тұрғынды көлік қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол апаты 13 маусым күні таңертең Головацкий-Бусаков көшелерінің қиылысында болды.
«48 жастағы жергілікті тұрғын «Audi-100» автокөлігіне түсіп, қайтыс болды. Жаяу жүргіншінің өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды. Шетел көлігін 21 жастағы жігіт басқарған. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жыл басынан бері облыстың автожолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 59 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 11 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алды.
Полиция азаматтарды жолдан өту кезінде өте сақ және мұқият болуға шақырады.