Жамбыл облысында 52 жастағы педофил 8 жастағы қыз баланы зорлап тастады
Жамбыл облысында 8 жастағы қыз баланы зорлаған 52 жастағы ер кісі құрықталды деп мәлімдеді Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы “Қазақстан Жаңалықтарына” сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
“2015 жылдың 15 қазанында қылмыстық полиция қызметкерлері 8 жастағы қыз баланы Терс өзені маңында зорлаған 52 жастағы Жуалы ауданының тұрғынын “ізін суытпай жатып” құрықтады. Тергеу бұлтартпас айғақтар тауып, күдікті өз кінәсін мойындады”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. Қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу жұмыстары басталды және қажетті сараптамалар тағайындалды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу