Туысына сенген зейнеткер баспанасынан айырылып қалды
Семейде зейнеткерді туысы алдап, үйді өз атына рәсімдеп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап.
Семей қаласы Полиция басқармасы Орталық ПБ 102 жедел арнасына алаяқтық әрекеттің құрбаны болған 68 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, оның 67 жастағы туысы тіркеуге тұру үшін сенімхат жасаймын деген сылтаумен қарт әйелдің үйін өзінің атына ресімдеп алған. Келтірілген залал шамамен 10 млн теңгені құрады.
Іздеу шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Күдіктіден жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу