Түркістан облысының 66 жастағы тұрғыны танысының үш немересін азғындағаны үшін 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыс 2022 жылдың қазан айында ер адам құрбысына қонаққа келген кезде жасалған.
Ол шай ішіп болған соң қонақ бөлмеден үш баланы көрген. Азғындық жасау ниетінде болған.
Оқиғадан соң бұл туралы балалардың анасы 9 жасар қызымен әңгімелесу арқылы білген. Ол тілінің ауырғанына шағымданып кешкі астан бас тартқан. Сол кезде оның қасында болған тағы екі апасы бұл оқиғаны растап, сотталушының өздеріне қатысты дәл осындай әрекеттерді жасағанын айтқан.
"Сотталушыда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай, қасақана азғындық әрекеттер жасау идеясы болған. Оның бұл әрекеті ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 124-бабының 3-бөлігіне сәйкес аса ауыр санатқа жатқызылған", - деп түсіндірді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.
"Сотталушының кінәсі сараптаманың қорытындыларымен, іс бойынша жиналған дәлелдемелермен және оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен дәлелденді. Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға – кінәні мойындауды жатқызды", - делінген Түркістан сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде жазасын өтеу тағайындалып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Психологиялық-педагогикалық білім алу құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz